Бас жаңалықтар
Вакцина алмағандардың иммунитеті вирустың мутациясына бейім
28 Шілде 2021, 14:50 430

Вакцина алмағандардың иммунитеті вирустың мутациясына бейім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингі кезінде №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Гүлзат Байзақова хабарлады. 

Дәрігер жасына және созылмалы аурулардың болуына қарамастан екпе алу өте маңызды деп отыр.

Оның айтуынша, егер бұрын инфекциялардың ең көп саны 60 жастан асқан адамдар арасында болса, соңғы аптада дәрігерлер науқастардың ішінде жастар мен балалар көбейген. Бұған жаңа «үнді» штамының пайда болуы әсер етіп отырған көрінеді. Сондай-ақ вакцинаға күмәнмен қарайтын адамдарды жанама әсерден қорықпауға шақырды.

Вакцинадан кейін адамдарда белгілі бір реакция пайда болады. Бұл қалыпты температураның болуы. Сондай-ақ инъекция орны ауырған кезде жергілікті реакция бар. Адамның вакцинаға реакциясы бар-жоғы иммунитетке байланысты емес. Бұл антидене титріне тәуелді емес. Вакцинаны алғаннан кейін инъекция алаңын үш күн бойы суламау, монша мен саунаға барудан бас тарту, алкоголь ішпеу жеткілікті. Сондай-ақ осы кезеңде физикалық жүктемелерден аулақ болу керек, - дейді Гүлзат Байзақова.
Емхана дәрігері Қазақстанда бар вакциналардың түбегейлі айырмашылықтары жоқ екенін айтты. Олардың барлығы иммунитетті қалыптастырады.
Вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін адам бірден вакцина паспортын алады. Себебі деректер электрондық үкімет порталымен байланысты. E-Gov mobile қосымшасындағы «цифрлық құжаттар» бөлімінде қажетті құжатты көруге немесе емханадан анықтама алуға болады, – деп түсіндірді Байзахова.
№5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Алматы тұрғындарын екпе пункттеріне келіп, вакцина алуға шақырды. Вакциналар денені коронавирустың тез өзгеретін штамдарынан қорғайтын жалғыз құралы екендігін алға тартты.

Айта кетсек, Алматыда 1 ақпан мен 27 шілде аралығында 690 711 адам вакцина алды. Өткен тәулікте 5 001 қала тұрғыны екпе алды. 60 жастан жоғары вакцина алған адам саны 96 553 адамды құрайды.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 212 вакцина пункті жұмыс істейді. 1 260 адам жұмылдырылған 308 екпе бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін дәрігер вакцина алмағандардың 98%-ы ковидті реанимацияға түсіп жатқанын мәлімдеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...