Вакцина алмаған адамдар шетелге шыға ала ма?

12 Ақпан 2021, 17:19
2921
Бөлісу:
Вакцина алмаған адамдар шетелге шыға ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «COVID-19 қарсы вакцинация: мифтер мен фактілер» тақырынба өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Вакцина алған немесе алмаған адамдарды өз шекарасына енгізу бойынша алалауға ешқандай Үкімет жол бермейді деп ойлаймын. ПТР-сынамасының болуына қатысты тәртіптер сақталады. Адам вакцина алмаған жағдайда ПТР-сынамасын көрсетуі керек болады, - деп есептейді Ләззат Ералиева. 

Ол атағандай, ДДСҰ жақында «Спутник V» вакцинасына қатысты сертификаттауды жүргізіп жатыр. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, ДДСҰ 7 ақпанда ресейлік вакцинаны сертификаттау бойынша келісім жүргізуді бастады, - деді Ералиева. 

Айта кетейік, Ералиева осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігі «синовакс», «синофарм» сынды қытайлық вакцинаны сатып алу бойынша келісім жүргізіп жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы