Бас жаңалықтар
Вакцина алғаннан кейін жүктілікті қашан жоспарлауға болады?
21 Сәуiр 2021, 18:25 260

Вакцина алғаннан кейін жүктілікті қашан жоспарлауға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова жауап берді.

Оның айтуынша, жүктілікті вакцинаның екі компоненті алғынғаннан кейін иммунитет толық қалыптасқан соң жоспарлауға болады.
Бұл шамамен бір жарым-екі ай мерзім. 

Сонымен қатар ол вакцина алғаннан кейін иммунитет қалыптасқан соң медициналық бетперде киюді жалғастыру қажет пе деген сауалға да жауап берді.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына және ұжымдық иммунитеттің қалыптаспауына байланысты вакцина алған соң да санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау қажет, - деді ол.
Бұған дейін ресейлік «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін 21-60 күн аралығында алуға болатыны туралы жазғанбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...