Вакцинация. Қосшы тұрғындары арасында ұтыс ойнатылады

1 Қараша 2021, 15:00
1057
Бөлісу:
Вакцинация. Қосшы тұрғындары арасында ұтыс ойнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жанұя» отбасылық денсаулық орталығы вакцина алған қала тұрғындары арасында ұтыс ойынын ұйымдастырады. Бұл туралы Қосшы қаласының ішкі саясат бөлімі хабарлады.

Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары! «Жанұя» отбасылық денсаулық орталығы вакцина алған қала тұрғындары арасында демеушілердің қолдауымен ұтыс ойынын ұйымдастырады, - делінген хабарламада.

Ұтыс ойыны 2021 жылдың 1-30 қарашасы аралығында вакцинаның 1-компонентін алған тұрғындар арасында ойнатылады.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, көрсетілген күн аралығында «Жанұя» отбасылық денсаулық орталығынан вакцинаның бірінші компонентін алып, өзіңіз туралы мәлімет парақшасын толтыру қажет.

Ұтысқа тұрмыстық техника және сыйлық сертификаттары қойылады. Бас жүлде – теледидар.

Өзгелердің жаңалығы