Вакцина алған қазақстандықтар саны 8 миллионнан асты
16 Қазан 2021, 09:46 7112

Вакцина алған қазақстандықтар саны 8 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 15 қазанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 003 776 адам, 2 - ші компонентін 7 097 611 адам салдырды.

Еске салсақ, кешегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 976 127 адам, 2-ші 7 059 597 адам салдырды.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...