Вакцина алған адам вирусты тасымалдауы мүмкін – Ералиева

14 Мамыр 2021, 17:16
1334
Бөлісу:
Вакцина алған адам вирусты тасымалдауы мүмкін – Ералиева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының Клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.

Вакцина алған адам вирусты тасымалдаушы болуы мүмкін. Себебі ол адамдар симптомсыз тасымалдаушылар болып, вирус таратуы мүмкін. Екпе мұрын қуысындағы вирустың болмауына кепілдік бола алмайды. Ол тек ауырып қалмау немесе аурудың жеңіл өтуіне кепілдік береді, - деді Ералиева.

Өз кезегінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтқандай, вакцинаның екі компонентін алған адам аз уақыт вирусты тасымалдаушы болуы мүмкін.

Осыған орай вакцинадан кейін маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау ұсынылған. Коронавирустың белсенді циркуляциясы жүреді. Ол кейін вирустың таралуын бәсеңдетеді. Вирус циркуляциясының азаюын вакцина салдыру мен сақтық талаптарын сақтау болып есептеледі, - деді Смағұл.


Өзгелердің жаңалығы