Ұжымдық иммунитет қалыптастыру эпидемиологиялық қана емес, экономикалық жағдайға да әсер етеді – Келімбетов

3 Шілде 2021, 12:02
1285
Бөлісу:
Ұжымдық иммунитет қалыптастыру эпидемиологиялық қана емес, экономикалық жағдайға да әсер  етеді – Келімбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов Astana Finance Days 2021 аясында өткен «Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстанның ұлттық басымдықтары» сессиясында айтты.



Сессияда әлемдік коронакризстен кейінгі экономикалық дамуды қалпына келтірудің мәселелері талқыланды. Оған шетелдік сарапшылармен қатар ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабарти, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысты.

Қайрат Келімбетовтың айтуынша, Ұлттық қордан бөлінген трансферттер Қазақстан үшін қиын кезеңді тұрақтылықта өткеруге жақсы мүмкіндік берді.
Менің ойымша барлық елде Үкіметтің пандемиямен күрес кезіндегі әрекеттеріне баға беру жүріп жатыр. Қазақстанға берілген баға көңіл көншітерлік. Біз F моделінің үш бағытын қолдана алдық. Ол алдымен адам өмірін құтқару, эпидемиялық қауіпке тойтарыс беру, сонымен қатар одан туындаған дағдарыс салдырымен күресу, оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру. Қазақстан ішкі жалпы өнім үшін 9 пайыз бөлді, яғни 1,8 трлн теңге жұмыспен қамту бағдарламасына жұмсалды. Қарапайым заттар экономикасы аясында займдарды субсидиялауға триллион теңге жұмсалды. Жалпы алғанда Ұлттық қордан бөлінген трансферт қиын кезеңді тұрақтылықта өткізуге жақсы мүмкіндік берді, - деп атап өтті ол.

Қайрат Келімбетовтың айтуынша, денсаулық сақтау, экономика саласының жағдайын Үкімет бақылауда ұстап отыр.
Эпедемиологиялық аспектілер әлі де өзекті болып қалуда. Вирустің жаңа штамдарының пайда болып жатқанына куә болып отырмыз. Бұл ретте үлгі ретінде халқының басым бөлігі вакцина алған АҚШ пен Израильді келтіруге болады. Ұжымдық иммуниеттің қалыптасуы жаңа штамдырыдың пайда болуы жағдайында ең тиімді шешім. Менің ойымша, қызмет көрсету саласы шектеуден арылып, жандана бастағандағы өтетін эпидемиологиялық жағдайдың «жасыл» аймағы экономикалық өсімнің «жасыл» аймағына өтуге де жағдай жасайды, - деді ол.

Оның пікірінше, Қазақстанның ұжымдық иммунитет қалыптастыру бағытындағы жұмысы эпидемиологиялық қана емес, экономикалық жағдайға әсер етеді.
Егер біз ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алсақ, Қазақстан пандемияға қарсы күресте де, экономикалық дамуда да тұрақты аймақта болады, -деді ол .

Өзгелердің жаңалығы