Бас жаңалықтар
Еліміздің әскери бөлімдерінің бірінде үздік сержанттар анықталды
10 Қыркүйек 2019, 22:03 200

Еліміздің әскери бөлімдерінің бірінде үздік сержанттар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеке дайындықты жақсарту және сержанттардың беделін көтеру, әскери қызметшілердің жетістіктері мен әскердегі озық тәжірибелерін насихаттау мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 36803 әскери бөлімінде барлық деңгейдегі сержанттар арасында сайыс өткізілді.

Әскери қызметшілер жақсы нәтижелерді көрсете отыра, сержанттар корпусының жауынгерлік даярлық жүйесіндегі маңыздылығын тағы бір дәлелдеді.

SAM_1428.JPG

Аталмыш конкурс 36803 әскери бөлімінің аумағында өтті. Бес күн ішінде өңірлік қолбасшылықтың ең мықты сержанттары сайысқа түсіп, «Үздік батальон сержанты», «Үздік рота сержанты», «Үздік взвод сержанты» және « Үздік бөлімше сержанты» номинацияларында бақ сынасты.

Жарыс барысында байқауға қатысушыларға өздерін «БІЛІМПАЗ» әскери-кәсіби дайындықтан, РХБ қорғаудан «ҚОРҒАУ», «МЕРГЕН» атыс дайындығынан, «ДЕНСАУЛЫҚ» әскери-медициналық дайындығынан, «БАҒДАР» әскери топографиядан, «БАРЫС» әскери қоян-қолтық ұрыстан, «ҚАЙСАР» әскери-спорттық жарыстан, сондай-ақ «СЕРІ» әдеби-көркем сайысы сияқты сайыстарда өздерінің шеберлігін көрсетті.

SAM_1378.JPG

Конкурс нәтижесі бойынша «Үздік бригада сержанты» атағын 27943 әскери бөлімінен 1-сынып сержанты Болат Құдабеков иеленді, «Үздік батальон сержанты» атағын 28738 әскери бөлімінен 3-сыныпты сержант Қайырбек Сағымбеков иеленді, «Үздік рота сержанты» мен «Үздік взвод сержанты» атағы 10810 әскери бөлімінің әскери қызметшілері аға сержант Айдос Керімбеков пен сержант Дархан Аслан атанды, ал 40398 әскери бөлімінен кіші сержант Мадияр Бекенов «Үздік бөлімше сержанты» номинацияларында жеңімпаз атанды.

EAS_9283.JPG

«Біз жыл сайын осы конкурстың деңгейі мен сержанттардың көрсеткіштерін жақсартуға барымызды саламыз келеміз. Бүгінгі күні, сержант корпусы «мен сияқты жаса, менен де жақсы жаса» ұранымен жеке құрамды алға жетелеп, өңірлік қолбасшылықтың қуатын арттыруға өз септігін тигізіп келеді», - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 1-сыныпты сержант Мирбек Рахымбеков.

EAS_9500.JPG

Конкурс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қоса, әр тақырыптағы үздік сержанттарда назардан тыс қалмады.

EAS_9532.JPG

Бүгінгі күні «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы сержанттар құрамы, жеке құрамның жауынгерлік және дене даярлығындағы, жоғары әскери тәртіпті ұстаудағы, күнделікті әскери қызмет үрдісін қадағалаудағы алатын орындары зор.

EAS_9561.JPG


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық