Өскеменнің үздік сантехнигі мен электригі анықталды

15 Қыркүйек 2019, 14:39
1832
Бөлісу:
Өскеменнің үздік сантехнигі мен электригі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен тұрғындарының Қала күнін атап өтуі күндізгі денсаулық акциясы, жатақхананың ашылуы, бал фестивалімен басталып, орталық алаңда концерт болуымен аяқталды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Ең әуелі шаһардың үздік еңбеккерлері, ұжымдары мен аулалары марапатталды.

Үздік электрик Қадырбек Даутов, үздік сантехник Валерий Королев, үздік дәнекерлеуші Нұрбай Апасов, басқару органдарының үздік шебері Наталья Короткова қала әкімінің марапатына ие болды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 77/1-үйдің ауласы үздік атанды.

Ал үздік басқару органы «Зекаил» пәтер иелері кооперативі болды.

Жергілікті өнерпаздар, А'Студио, The Jigits сынды танымал эстрадалық топтар сахна төріне шығып, өнер көрсетті.

Бұдан бөлек, фонтан маңайында Serebro, Royal B, Шығыс асханасы сияқты мейрамханалар аспаздарының қолынан шыққан түрлі тағамдар саудаланды. Осыған дейін қала әкімі орынбасарының қатысуымен өткен баспасөз жиынында алаңда бұрынғыдай кәуап пен фаст-фуд өнімдері емес, мейрамханалардың тағамдары қалта көтерер бағада саудаланатыны айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы