«Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауының І кезеңі аяқталды

12 Маусым 2019, 21:01
2111
Бөлісу:
«Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауының І кезеңі аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен жыл сайын "Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі" конкурсы өткізіліп келеді.

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, байқаудың мақсаты мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру.

Осы жылдың 5 сәуірінде бастау алған конкурсқа Атырау облысы бойынша 24 мемлекеттік қызметші өтініш білдіріп, олардың 10-ы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі жөнінде тестілеуден сүрінбей өтіп, өңірлік деңгейдің екінші кезеңіне, яғни әңгімелесу (жеке жобалық жұмыстарын қорғау) кезеңіне жолдама алған болатын.

"5 маусымда конкурс үміткерлерімен жоба қорғау кезеңі өткізілді. Аталған кезеңде үміткерлер жеке жобалық жұмыстарын комиссияға таныстырып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық немесе әлеуметтік тиімділігін көрсетіп жаңарту ұсыныстарын атап өтті, сонымен қатар іске асыру жолындағы мәселелерімен, іске асыру деңгейін және күтілетін жағдайын жеке жобаларында нақты көрсетті. Конкурс қорытындысы, яғни республикалық кезеңге жолдама алған қатысушылар тізімі агенттіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, өткен жылы аталған конкурс бойынша Атырау облысынан 3 үміткер республикалық конкурсқа жолдама алып, жеңімпаз атанды.

Өзгелердің жаңалығы