Ұзақ өмір сүру құпиясы

12 Қазан 2019, 10:41
3946
Бөлісу:
Ұзақ өмір сүру құпиясы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы екі ғасырда адамдардың өмір сүру ұзақтығы жылдам артты. Ал 1840 жылдары адамдар орташа есеппен 40 жасқа дейін ғана өмір сүрген. 1900 жылдардың басында тамақтану, гигиена, тұрғын үй, санитария жағдайлары жақсарғаннан кейін бұл көрсеткіш 60 жасқа жетті,  деп жазады ВВС.

Басылымның мәліметінше, өмір сүру жасының ұзаруына медициналық көмек пен балаларды иммунизациялаудың әсері көп болған. Ал 1970 жылдан кейін инсульт пен жүрек ауруын емдеудегі жетістіктер жақсы көрсеткіштерге әсер етті.

"XXI ғасырдың басында өмір сүру ұзақтығы әйелдерде 80, ерлерде 75 жасқа жетті. Одн кейін әр төрт жыл сайын орташа жас бір жылға ұзарып отырды. Бірақ 2011 жылдан бастап өмір сүру ұзақтығында өзгеріс болмады", - деп жазады басылым.

Мұның себебін ғалымдар нақты таба айта алмай отыр.

"Ең ұзақ өмір сүрген ресми жазбалардағы адам 122 жаста өмірден өткен француз әйел Жанна Калмент болды. Nature журналнда жарияланған хабарлауынша, бұдан кейінгі орында 115 жас тұр. Америкалық генетик Дэвид Синклер өз еңбектерінде адамдар бұдан да ұзақ өмір сүре алатынын айтқан", - делінген жазбада.


Өзгелердің жаңалығы