Токио-2020: Олимпиададағы шектеулерді бұзған 8 спортшы аккредитациясынан айырылды

1 Тамыз 2021, 13:31
2745
Бөлісу:
Токио-2020: Олимпиададағы шектеулерді бұзған 8 спортшы аккредитациясынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті грузиялық спортшылардан Олимпиада ауылынан рұқсатсыз шыққаны үшін аккредитациясынан айырды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Грузияның екі дзюдошысы - Важа Маргвелашвили мен Лаша Шавдатуашвили Олимпиадаға қатысу аккредитациясынан айырылып, коронавирусқа қатысты шектеулерді бұзғаны үшін еліне қайтарылған.

Ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры Тосиро Мутоның айтуынша, Токиодағы ойындар кезінде сегіз спортшының аккредитациясы қайтарылған.

Белгілі болғандай қызметкердің бірі есірткі сақтағаны үшін тұтқындалуымен байланысты. Тағы бір оқиға Грузия спортшыларына қатысты. Грузия елшілігі кешірім сұрады. Олар плейбук тәртібін бұзды, - деді Муто журналистерге.
Айта кетейік, дзюдодан Олимпиада турнирі аяқталды, ал Маргвелашвили мен Шавдатуашвили сәйкесінше 66 және 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған.
Өзгелердің жаңалығы