Ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

2 Қыркүйек 2021, 05:18
1954
Бөлісу:
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-нің арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып, Алматы қаласының, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне жол бермеу бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу жөніндегі арнайы операцияның барысын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы үйлестірді.

ҰҚТ-ның (ұйымдасқан қылмыстық топ) 28 қатысушысының 16-сы қамауға алынды. Тінту кезінде 53 нысаннан қару-жарақ пен оқ-дәрілер, бақылауға арналған арнайы техника табылды. Бұл топ көбінесе елдің оңтүстік аймағында жұмыс істегені анықталды. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында ҰҚТ көшбасшылары - Б. және Ж. азаматтар тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны белгілі болды. Қаскүнемдер елдің оңтүстігінде 15 ауыр және аса ауыр қылмыс жасады. Топ жасаған қылмыстарға қарақшылық шабуыл, кәсіпкерлерге қару қолдану арқылы бопсалау, сондай-ақ бұзақылық және қаруды заңсыз сақтау кіреді. Бұл қылмыстық топта иерархия, көшбасшыларға сөзсіз бағыну және қастандық шаралары қатаң сақталды. Қазіргі уақытта айыпталушыларға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды, – деп хабарлады полиция ведомствосы.


Өзгелердің жаңалығы