Бас жаңалықтар
Петропавлда "үйді жарып жіберем" деп қорқытқан ер адам ұсталды
19 Қыркүйек 2019, 12:50 371

Петропавлда "үйді жарып жіберем" деп қорқытқан ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ит үшін шыққан ерегес. Петропавлда итін тұмсық торсыз серуендеуге шығарған иесін тәртіпке салу үшін арнайы операция жасалды, деп хабарлады Аlmaty.tv.

Даудың басы қала тұрғынның бірі 39 жастағы ер адам өзінің питбулын бұлай еркін сыртқа шығаруы қауіпті екеніне ескерту жасағанынан басталған. "102" пультіне хабарласқан ер адам көшеде иттің қапқанын айтып, ит иесіне шағым айтқаны үшін оны пышақпен жаралағанын айтты. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жетіп, жараланған азамат ауруханаға жеткізілген. 

Ал ит иесінің әрекетін анықтау үшін тергеу-шұғыл тобы жеткенімен, ер адам пәтерінен шықпай, байбалам салған. Есікті ашпайтынын ескертіп, үйді жарып жіберетінін айтқан.

Тұрғын үй кешенінің аумағына дереу облыс басшылығы, қалалық полиция, облыстық және қалалық прокуратура және төтенше жағдайлар қызметкерлері жеткен. Үй толығымен газдан және электр қуатынан ажыратылды. Соңында, құзырлы қызмет өкілдері ешкімге бой бермеген ер адамның пәтерінің терезесін сындырып, ішке кірулеріне тура келген. Қазір "бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  



Фото: дереккөз
Загрузка...