Бас жаңалықтар
Еуроодақта ұялы байланыс ақысы өзгереді
14 Мамыр 2019, 22:02 438

Еуроодақта ұялы байланыс ақысы өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамырдан бастап Еуроодақта ұялы байланыс ақысына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Еурокомиссияның ресми өкілі Маргаритис Схинас Брюссельде өткен брифингте хабарлады, деп жазды "Хабар 24".

Енді Еуроодақ аймағында қоңырау шалсаңыз, минутына 19 еуроценттен, ал хабарлама үшін 6 еуроценттен артық болмайды. 

Айта кетейік, жаңа бағада қосылған құн салығы ескерілген жоқ. Сондықтан ол Еуропаның әр елінде 17 мен 15 процент аралығында болады. 

"Осы аптаның сәрсенбісінен бастап Еуроодақ елдері аумағында ұялы байланыс құны өзгеретін болады. Енді тұтынушы өз елінен одақтың басқа еліне жасаған қоңырауы үшін 19 еуроцент, ал смс хабарлама үшін 6 цент төлейтін болады. Осы арқылы еуропалықтар байланыс бағасындағы үйлесімділікті сақтап қалмақ", - деді Еурокомиссияның ресми өкілі Маргаритис Схинас.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...