Ұядай мұражай

17 Маусым 2021, 12:12
3235
Бөлісу:
Ұядай мұражай
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Әлкей Марғұлан ауылы деп аталатын шағын ғана ауыл бар. Бүгін біз осы шағын ауыл жайлы, ондағы ұядай мұражай жайлы айтпақпыз. 

Ауылға осыдан үш жыл бұрын жолымыз түскен. Онда да «Астана-Баянауыл» бағытында салт атпен сапарлап бара жатқан едік. Сол жолғы жолжазбамызда ауылда әлі мешіт жоғын, ауызсу белгілі бір уақытпен ғана берілетінін, бір ғана байланыс операторы жұмыс істейтінін жазған едік. Сол жолы ауыл әкімі Жансерік Жанымхан бірнеше жылда бәрі болатынын айтып, ауызша уәде берген еді. Алайда үш жылда өзгерген ештеңе жоқ. Ауызсу тарту үшін көшелерді оңды-солды қазып тастапты. Мешіт әлі жоқ. Ал ауызсумен қамтып отырған колонкалар істемей қалыпты. Себебі су айдап тұрған мотор күйіп кеткен дейді ауыл тұрғындары. 

Енді ауыл адамдары құдыққа күндері қарап қалған. 

Ұядай мұражай

Ауылдағы көңіл жібітер бір ғана орын болса, ол - Әлкей Марғұлан атындағы мектеп. 

Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

11 жылдық мектепте ауыл балалары білім алады. 

Ұядай мұражай

Қазір бәрі демалыста. 

Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

Біз мектептің шағын музейін араладық. 

Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

Көңілге жылылық ұялатып, әйгілі академиктің өзі тұтынған бұйымдар, ғалым өмірінен сыр шертеді. 

Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

Музей Әлкей атамыздың 100 жылдығына орай 2004 жылы ашылған. Бар мүмкіндігімізді жұмсап, музей жәдігерлерін топтастыруға тырыстық. Бұл істе бізге Әлкей атамыздың қызы - Дәнел Марғұлан апамыз көмек берді, - дейді бастауыш сынып мұғалімі, жас маман Әсел Қалкенова.
Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

Мұражайда Әлкей Марғұланның өмірбаяны, тұтынған бұйымдары, зерттеу нәтижелерінің куәсіндей түрлі тас қойылған. 

Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

Шағын ғана музейден ғалымға қатысты барлық мәліметті табуға болады.

Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

Ұядай мұражай

Өзгелердің жаңалығы