Үй кезегінде тұрғандар үшін ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайыз болады

2 Қыркүйек 2021, 10:51
2063
Бөлісу:
Үй кезегінде тұрғандар үшін ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайыз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бүгінгі Үкімет отырысында айтты.

Жиын барысында министр бірыңғай тұрғын үй саясатын құру бойынша атқарылып жатқан істерді таныстырды.

Үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы банкінің» ипотекалық бағдарламасы бойынша бастапқы жарна көлемі баспана құнының 10 пайызына дейін төмендетіледі. Отбасы табысына байланысты жеңілдікті несиелендіру бойынша мөлшерлеме жылдық 2% және 5% көлемінде болады. Баспана жағдайын жақсартуға зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы қағидаларға өзгерістер енгізіледі. Соған сәйкес зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегінен асатын бөлігін үй сатып алу үшін «Отбасы банкінің» шотына аударға мүмкіндік беріледі, - деді Атамқұлов.
Министр құрылыс салушыларды қолдау мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және үлестік құрылыс әлеуетін пайдаланып, жобалық қаржыландыру тетігі енгізілетінін айтты.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Ұлттық экономика министрлігі агломерацияларды дамыту жөніндегі Тұжырымдама мен заң жобасын әзірлеп жатыр. Біздің министрлік халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған аумақтарды кешенді дамытудың жаңа стандарттарын әзірлейді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы