Балқашта үй кезегінде тұрған 90 отбасы баспаналы болды

21 Қаңтар 2019, 09:18
3746
Бөлісу:
Балқашта үй кезегінде тұрған 90 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысы, BAQ.KZ. Балқаш қаласында 90 отбасы пәтер кілтіне ие болды. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.

Олардың барлығы да - ұзақ жыл үй кезегін күткен мұқтаж жандар. Бесқабатты екі үйдің құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 668 миллион теңге қаржы бөлінген. 

1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің әр шаршы метрі небәрі 90 мың теңге тұрады. Үйдің жертөлесіне дербес жылыту пункті қойылған. Ерекшелігі, бұл қондырғы күн жылы кезде жылуды үнемдеп береді. Яғни тұрғындар артық ақша төлемейді. 

«Біз бұл пәтерді көп күттік. Кең үш бөлмелі үйге Үкіметтің арқасында қолымыз жетіп отыр. Пәтер ұнады»,-дейді Балқаш қаласының тұрғыны Қабылғазы Жұмаділов.

Айта кету керек, Балқаш қаласы бойынша әлі де 1200 отбасы пәтер кезегінде тұр.

«Келесі жылы біз тағы несиелік 2 тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз. Ол осы маңда орналасқан. Бұл жерде болашақта мектеп салынады. Балабақша бар»,-дейді Балқаш қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Саятбек Мусин.

Өзгелердің жаңалығы