Ұтыс ойынын ұйымдастырғандарға айыппұл салынды

8 Ақпан 2021, 17:23
1980
Бөлісу:
Ұтыс ойынын ұйымдастырғандарға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 7 ақпанда сағат 13.18-де бейнебақылау инспекторлары гүл сататын дүкеннің жанында көлік пен адамдардың көп жиналғанын байқайды.

Тексеру барысында ЖШС құрылтайшылары Мәңгілік ел даңғылында гүлдер орталығын ашу үшін жүлделер, соның ішінде «Фольксваген поло» маркалы автомобильдің ұтыс ойынын ұйымдастырып, ниет білдірушілерді қатысуға шақырғаны анықталды.

Ұтыс ойынын ұйымдастырғандарға айыппұл салынды

Келген полиция қызметкерлері талап бойынша іс-шараны тоқтатып, жағдайды тұрақтандырды. Іс-шараны ұйымдастырған тұлғалар одан әрі тексеру үшін Есіл ауданының ПБ-не жеткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-1 б.1 б. (жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы) бойынша 230 АЕК айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Бұдан басқа ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі (абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, карантиндік режимді бұзу бойынша жиналған материал ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, елордада ұтыс ойынын ұйымдастырушылар көп адам жинағаны үшін полицияға жеткізілген еді.

Өзгелердің жаңалығы