Үстіне футбол қақпасы құлаған бала қайтыс болды

14 Шілде 2019, 12:52
3808
Бөлісу:
Үстіне футбол қақпасы құлаған бала қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай балалар ауруханасында футбол қақпасының астында қалып қойған жасөспірім қайтыс болды.

Бұл жайында «Қостанай жаңалықтары» хабарлаған.

Көз жұмған бала Намик Шириновтің туыстарының мәліметінше, жасөспірімнің халі түнде күрт нашарлаған. Ол таңертең қайтыс болған. Дүйсенбі күні Намик Шириновті Нұр-Сұлтандағы ауруханаға ауыстыру жоспарланған болатын.

Еске сала кетсек, 28 маусым күні Қостанайда футбол қақпасы құлап, оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім зардап шекті. Оған бірнеше ота жасалды. Дәрігерлер баланың халі ауыр, ішкі органдарына зақым келген, тіпті ол өздігінен тыныс ала алмайды деген еді.
Өзгелердің жаңалығы