Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты өтпейтін болды

24 Желтоқсан 2020, 07:43
2166
Бөлісу:
Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Пусандағы әлем чемпионаты кейінге шегерілді, деп хабарлайды olympic.kz.

Бұған дейін аталған дода үш рет ауыстырылған болатын.  Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) мен ұйымдастырушылар Оңтүстік Кореяда коронавируспен ауырғандар саны артқасын жарысты өткізбеу туралы шешім қабылдады. 

Алғашында үстел теннисінен әлемдік дода 2019 жылдың наурызына жоспарланып, кейін маусымға, содан соң, қыркүйекке ауыстырылды. ITTF әлем біріншілігін 2021 жылдың басына дейін шегерген. 

Алайда, ақпан айында өтуі тиіс дода енді өтпейтін болды. 2021 жылғы жарыс күнтізбесінде Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындары өтетінін ескерсек, аталған әлемдік доданы бұдан әрі шегеру мүмкін емес.
Өзгелердің жаңалығы