Үстел теннисінен Азия біріншілігі: әйелдер командасы 1/8 айналымға жолдама алды

30 Қыркүйек 2021, 05:46
9058
Бөлісу:
Үстел теннисінен Азия біріншілігі: әйелдер командасы 1/8 айналымға жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дохада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында екінші жарыс күні басталды. Бүгін қазақстандықтар командалық турнирдегі шешуші матчтарды өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан әйелдер командасы Иран құрамасын 3:1 есебімен ұтып, алғашқы сегіз команданың қатарына жолдама алды. 

Біздің команда намысын Сарвиноз Миркадырова, Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова мен Анель Бақыт қорғауда. Кеше қыздар құрамасы Бангладеш пен Шри-Ланкаға қарсы ойнап, 3:0 есебімен ұтқан болатын. 

Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ырысбек Артықметовтен құралған ерлер командасы финалға жолдама алу үшін бар күшін салуда. Олар кеше Бахрейнді 3:0 есебімен ұтты, енді Таиланд командасымен кездеседі. 

 

Өзгелердің жаңалығы