Ұстаздарға арналған бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтеді

13 Маусым 2019, 16:26
2359
Бөлісу:
Ұстаздарға арналған бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 маусым күні №66 мектеп-лицейінде педагогтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

"Жәрмеңкеге сондай-ақ, Қостанай, Павлодар, Арқалық, Қарағанды және Көкшетау қалаларының ЖОО түлектері шақырылды", деп хабарлады елордалық Білім басқармасы. 

Бүгінгі уақытта елордалық білім мекемелерінде 17 мың адам жұмыс істейді. Қазір бұл салаға 150-ден аса маман қажет. Әсіресе, мектепке дейінгі, бастауыш және инклюзивті білім беру саласындағы педагогикалық қызметкерлер, сонымен қатар жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдер сұранысқа ие.

Жәрмеңке сағат 10:00-13:00 аралығында Д.Қонаев 33/1 мекенжайында орналасқан № 66 мектеп-лицейінде өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы