Успен ауданында шұбат шығару өндірісі дамып келеді – Павлодар облысы

24 Желтоқсан 2020, 23:20
1712
Бөлісу:
Успен ауданында шұбат шығару өндірісі дамып келеді – Павлодар облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Константиновка ауылында түйе шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығы бар, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Успен ауданының әкімі Николай Дычконың айтуынша, шаруа қожалығының иелері ауданға төрт-бес жыл бұрын қоныс аударған.

Шаруа қожалығында 20-ға жуық түйе бар. Бүгінгі күні шұбат шығарады. Әзірге аз көлемде, бірақ одан әрі дамуға және өнеркәсіптік негізде жеткізуге үміттенеді. Түйелердің бейімделуін ескере отырып, келесі жылы олардың саны артады деп сенеміз, - дейді Николай Дычко.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы «Галицкое» ЖШС-де 720 басқа арналған бұзауы бар 1000 басқа арналған үшінші сүт кешенінің екінші кезеңі пайдалануға берілді. Толыққанды жем-шөп базасымен және сауатты селекциялық-асылдандыру жұмысымен қамтамасыз етудің арқасында кәсіпорында сүт өнімділігі артып, жылына 5,3 мың литр сүтке жетті.

Сонымен қатар, аудан әкімі ауданға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша РФ-нан Герефорд тұқымды 50 бас құнажын, Эстониядан 200 бас ірі қара мал жеткізілгенін айтты.

Жалпы аудан бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының мемлекеттік несиелеу бағдарламаларына қатысуы есебінен ірі қара мал басы мен жылқы санының өсуі байқалады. Ірі қара мал 22,1 мың басты құраса жылқы басы 5,7 мың басты құрайды, - дейді аудан басшысы.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың қараша айында Павлодар облысының кәсіпкерлікті дамыту картасына «БИК» ШҚ жобасы енген. Успен ауданы Ковалевка ауылы аумағында сүт және сүт өнімдерін өндіру мақсатында 2,6 миллиард теңге инвестиция бөлінді. Жоба 520 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын және сүт өнімдерін өндіру зауытын салуды көздейді. Іске асыру мерзімі – 2021-2023 жылдар.

Өзгелердің жаңалығы