Бас жаңалықтар
Успен ауданында астық кептіргіш іске қосылды – Павлодар
22 Қыркүйек 2020, 07:08 160

Успен ауданында астық кептіргіш іске қосылды – Павлодар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Машинаның қуаттылығы сағатына 25 тонна астық кептіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Астық кептіргішті орнату жұмыстары 2019 жылы басталғанымен, биыл күзде іске қосылды. Бұған дейін алқап шағын болатын. Сондықтан мұндай машинаның қажеттілігі болмады. Бірақ көлемі артқан соң астық кептіргіш керек екенін түсіндік. Бұған қоса, өзгелерге тәуелді болмаймыз. Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияны қолдандық. 2017 жылы лизингке бір комбайн және былтыр тағы бір комбайн сатып алдық. Бұл жерде бұрын болған ферманы сатып алып, қалғанын өзіміз тұрғыздық, - дейді «Степанищев» ШҚ басшысы Евгений Степанищев.

Бүгінде қожалықта 12 адам жұмыс істейді. Олардың арасында 10 жылдан астам еңбек етіп, тұрақтап қалғандар да бар. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласына еңбек етуге ниет білдірген жастардың білім алуына жәрдемдесіп, баспана ұсыну қарастырылған.

Фермер болашақта қуаттылығы жоғары астық тазартатын техника да сатып алуды жоспарлап отыр.

Биылғы астықты жинап алдық, енді кептіру керек. Бидай, арпа, тары, күнбағыс егеміз. Биыл жаңбыр аз болды. Егіс алқабының көлемі 8 мың гектарды құрайды. Бірлескен қызмет кілісімшарты аясында екі шаруа қожалығы бірге жұмыс істейді. Біреуін 1998 жылы әкем, екіншісін 2014 жылы өзім ашып, мүмкіндігімді көргім келді. Қазір барлық шаруаны өзім жүргіземін, - дейді Евгений Степанищев.
 

«Степанищев» ШҚ жергілікті Павлодар облысының  диірмендерімен жұмыс істейді, сондай-ақ еліміздің басқа да өңірлеріне де бидай жібереді. Майлы дақылдарды 10 жылдан бері Тараз халва зауыты сатып алуда.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...