Бүгін Жақсылық Үшкемпіровтің соңғы сұхбаты көрсетіледі

8 Тамыз 2020, 16:31
1726
Бөлісу:
Бүгін Жақсылық Үшкемпіровтің соңғы сұхбаты көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Qazaqstan" телеарнасы бүгін көпшілік назарына Жақсылық Үшкемпіровтің соңғы сұхбатын ұсынады.

Әлем чемпионы қайтыс боларынан аз ғана уақыт бұрын телеарна тілшісімен сұхбаттасқан. Түсірілім кезінде әпкесінің қазасы туралы суық хабар алып, есеңгіреп қалса да, ерік-жігерін жинақтап, әдеттегідей ағынан жарыла сырласқан екен. Соңғы сұхбаты да әдеттегідей мазмұнды шықты. Жеңістерінің тарихын, Олимпиада, Әлем чемпионы атанған сәттерін еске алып, ұлтты сүю, тілді құрметтеу, қазақ ауылдарын көтеру арманы туралы баяндайды, - делінген хабарламада.
"Жақсылық Үшкемпіров. Соңғы сұхбат" арнайы хабары бүгін 20:30-да Ұлттық арна эфирінен шығады.

Айта кетейік, 2 тамызда Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болғаны белгілі болды.

Жақсылық Үшкемпіров туралы жазғанда жиі қателесетін жайттар мен деректерге сілтеме арқылы өте аласыз.

 

Өзгелердің жаңалығы