Бас жаңалықтар
Үшінші тоқсанда оқушылар қандай пәндерді мектепке барып оқиды
25 Желтоқсан 2020, 10:48 1918

Үшінші тоқсанда оқушылар қандай пәндерді мектепке барып оқиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова үшінші тоқсанда оқушылар қандай пәндерді мектепке барып оқитынын айтты.

Екінші тоқсан аяқталуға жақын. Осы ретте алдағы үшінші тоқсанның іс-жоспарын таныстырайын. Өздеріңіз білетіндей, екінші тоқсан қашықтан және кезекші сыныптар режимінде өтті. Білім беру ұйымдарында оқу-жоспарының барлық пәндері толығымен орындалды. Қаланың барлық мектептерінде 1-5 сыныптар арасында 3 246 кезекші сыныптар ашылып, онда 46 мыңнан астам оқушы білім алды, - дейді Шолпан Қадырова.

Ол осы ретте үшінші тоқсанда оқушылар пәндердің 70 пайызын офлайн режимде оқитынын жеткізді.

11 қаңтарда оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. 1-5 сыныптар кезекші сыныптар режимінде оқуын жалғастырады. Сонымен қатар үшінші тоқсанда мектеп бітіруші 9 және 11-12 сыныптар аралас форматта, яғни 15 оқушыдан аспайтын форматта оқуды бастайды деп күтілуде. Нақты шешім ең алдымен қаламыздағы эпидемологиялық жағдайға байланысты болады. Офлайн режимде өтетін сабақ кестесіне орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы,   Дүние жүзі тарихы пәндері кіреді. Бұл оқыту пәндерінің 70 пайызын құрайды,- дейді қалалық Білім басқармасының басшысы. 

Сондай-ақ пәндердің 30 пайызы қашықтан оқытылады. Ондай пәндердің қатарында информатика, өзін-өзін тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери дайындық бар.


Фото: дереккөз
Загрузка...