Бас жаңалықтар
Үшінші рет Азия чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды облыс басшысы құттықтады
15 Сәуiр 2021, 07:52 298

Үшінші рет Азия чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды облыс басшысы құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен сынға түсіп,60 келі салмақта алтын медаль жеңіп алып, үшінші мәрте Азия чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиды Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова құттықтады.

Сыр елі үшін қуанышты хабармен өз парақшамда бөліссем деймін. Алматы қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен сынға түскен жерлесіміз Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақта алтын медаль жеңіп алып, үшінші мәрте Азия чемпионы атанды. Алғашқы кездесуінде Оңтүстік Корея спортшысын 10:1 есебімен жеңсе, жартылай финалда ирактық қарсыласын 7:2 есебімен, финалда ирандық спортшыны 8:4 есебімен ұтты. Айдос Сұлтанғалиды жарысқа білікті бапкер Ғабиден Райымбек дайындады, – деді облыс басшысы өз парақшасында.
Сондай-ақ аймақ басшысы осы сында сынға түсіп жатқан өзге де қызылордалықтарға сәттілік тіледі.

Енді ертең боз кілемге әйелдер күресінен Асылзат Сағымбай (53 келі) шықса, 17 сәуір күні еркін күрестен Дәулет Ниязбеков (65 келі) пен Ғалымжан Өсербаев (79 келі) өнер көрсетеді. Еліміздің намысын қорғайтын Сыр балуандарына сәттілік тілеймін! – деп жазды Г. Әбдіқалықова.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...