Бас жаңалықтар
Air Astana үшінші Embraer 190-E2 ұшағын алды
24 Мамыр 2019, 09:38 385

Air Astana үшінші Embraer 190-E2 ұшағын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуелайнер тікелей Бразилиядағы зауыттан ұшып келді. Бұл – операциялық лизингке тапсырыс берілген 5 ұшақтан үшіншісі. Қалған әуе кемелері 2019 жылы ішінде әкелінеді. 

"Эйр Астана" компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ салонында 108 орын бар.

"Әуе кемесі екі қозғалтқышпен жабдықталған тар фюзеляжды реактивті ұшағына жатады. Ол қысқа және орта қашықтықта ұшуға арналған, ал ұшудың максималды қашықтығы- 5 300 км. Бұл E190 салыстырғанда 1 000 шақырымға алысырақ. Е2 ұшағының аэродинамикасы жақсарған, фюзеляжы мен қанаттары өзгерген және PW GTF (АҚШ) қозғалтқыштарымен жабдықталған. Сонымен қатар, әуе кемесі үнемді, төмен зиянды заттар шығарылымымен және шуыл деңгейімен ерекшеленеді. Ұшақ салонында 108 орын бар және сымсыз ойын-сауық жүйесімен жабдықталады. Ол арқылы жолаушылар өздерінің құрылғыларында фильм көріп, музыка тыңдай алады", - делінген компания таратқан хабарламада.

Жаңа Embraer 190-E2 ұшағының бірінші коммерциялық рейсі 1 маусымда Алматы-Нұр-Cұлтан-Алматы бағытында орындалады. Әуелайнер Қазақстан бойынша, сонымен қатар Ресей қалаларына, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Гүржістан, Украина астаналарына және Қытайға Үрімші қаласына рейстер орындайтын болады.



Фото: дереккөз

Сізден жаңалық