Үш ауысымды мектеп, бақылау жүйесі, күзет: Аймағамбетов мәселелер қалай шешілетінін айтты

12 Қазан 2021, 11:02
19216
Бөлісу:
Үш ауысымды мектеп, бақылау жүйесі, күзет: Аймағамбетов мәселелер қалай шешілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Bilimdi ult ұлттық жоба аясында үш ауысымды мектептер, күзет, қауіпсіздік мәселесі қалай шешілетінін айтты.

Үшінші міндет – мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім берумен қамтамасыз ету.

Оқушы орындарының тапшылығын жою үшін 2025 жылға қарай мың мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Нәтижесінде үш ауысымды мектептерді толығымен жою күтілуде. 2025 жылға қарай шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 5 000 мектеп жаңғыртылады. Бұл жұмыстың аясында балаларға қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, жоғары жылдамдығы бар интернетпен қамтамасыз ету, мектеп жиһаздарын жаңарту, мектеп кітапханаларын және асханаларын жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның сөзінше, мектептердің 90%-ы пәндік кабинеттермен және 100%-ы қауіпсіз кіру, күзет және бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Инклюзивті ортада балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау үшін ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ұйымдардың жұмыс істеу нормативін 50 мың бала бір орталық есебінен жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 43 орталық ашылады, - деді ол Үкіметте.

Ерекше балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қызметпен қамту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады.

Өзгелердің жаңалығы