«Үшарал – Достық» автожолы жабылды

13 Қаңтар 2021, 19:05
1268
Бөлісу:
«Үшарал – Достық» автожолы жабылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының ТЖД-сі ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал – Достық» Республикалық маңызы бар автожолдыі жабылғанын мәлімдеді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 13 қаңтары сағат 17.10-нан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) «Үшарал - Достық» Республикалық маңызы бар автожолында (Көктұма-Достық, 84-184 шақырымдары) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды, - делінген хабарламада.
Алматы облысының ТЖД-сі азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Облыстық ТЖД бұған дейін Алматы-Өскемен авто жолының жабылғанын хабарлаған.

Өзгелердің жаңалығы