Хельсинкиде экипаж мүшесі ұшақтан құлап кетті

14 Қаңтар 2020, 14:28
2452
Бөлісу:
Хельсинкиде экипаж мүшесі ұшақтан құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Финляндияда жолаушылар ұшақтан түсіп, автобусқа отырып, терминалға бара жатқанда оқыс оқиға болды. 

Finnair экипажының мүшелерінің бірі Хельсинки-Вантаа әуежайында Airbus A320 ұшағынан құлап кеткен. Бұл туралы Финляндияның OTKES төтенше жағдайларды тергеу орталығының Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

OTKES 19 қаңтарда Хельсинки-Вантаа әуежайында болған оқиғаға қатысты алдын ала тергеу жұмыстарын бастады. Airbus A320 ұшағынан құлап кеткен экипаж мүшесі жарақат алған болатын. Бұл уақытта борт ұшып келіп, әуежай тұрағында тұрған еді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, экипаж мүшесі ұшу жолағына құлап кетіп, ауыр жарақат алған болатын. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 



Өзгелердің жаңалығы