Ұшақ апаты: Қайтыс болғандардың отбасына өтемақыны кім төлейді

30 Желтоқсан 2019, 11:09
5559
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Қайтыс болғандардың отбасына өтемақыны кім төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккендер мен олардың отбасыларына материалдық көмек қалай көрсетілетіні туралы айтты.

Зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетін болса, оның қандай көлемде болатынын жергілікті билік – Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктері шешеді. Яғни, оқиға орнына сол аймақта болуына байланысты. Үкімет деңгейінде тек қайтыс болғандардың отбасына 4 млн теңгеден өтемақы төленеді. 27 желтоқсанда апат болды, 28 желтоқсанда өтемақы төлеу туралы шешім шығарылды. Бүгін Үкімет отырыста дауыс берді және бүгін бұл ақша Еңбек министрлігіне беріледі. Ал біз оны отбасы мүшелерінің есепшотына тез арада жібереміз, - деді министр. 

Біржан Нұрымбетов  зардап шеккендердің ем шараларына ақшаны Денсаулық сақтау министрлігі шешіп жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақ Қызыл ту ауылында екіқабатты ғимаратқа соғылып апатқа ұшырады.

Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылардың толық тізімі жарияланды.

Мемлекет басшысы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. 

Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетті. 

Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. 

Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждың есімдері белгілі болды

Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетінін айтты

ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын. 

Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.

Өзгелердің жаңалығы