Ұшақта шылым шеккен Өзбекстан азаматына айыппұл салынды

11 Қараша 2019, 19:29
2206
Бөлісу:
Ұшақта шылым шеккен Өзбекстан азаматына айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне Air Astana АҚ өкілдерінен "Стамбұл-Алматы" бағытындағы әуерейсі бортында құқықбұзушы бары хабарланған. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеріс кезінде 33 жастағы Өзбекстан Республикасы азаматының ұшақ әжетханасында шылым шеккені анықталған.
Алматы әуежайына жетісімен жолаушы акт бойынша көлік полиция қызметкерлеріне тапсырылды, - делінген хабарламада.
Оны ҚР Әкімшілік құққық бұзушылық туралы кодекстің 441 бабының 1-2 тармағы бойынша, яғни "Темекі өнімдерін және электронды темекілерді тыйым салынған белгілі бір қоғамдық жерлерде тұтынғаны үшін" жауапқа тартқан.

Өзбекстан Республикасы азаматына 63 125 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынған, бұл санкцияда 50 АЕК мөлшерінде белгіленген. 2019 жылы көліктегі полиция қызметкерлерімен 441 бап бойынша 3357 құқық бұзушы тіркеліп, оларға 25 млн теңгенің айыппұлы салыныпты.
 

Өзгелердің жаңалығы