Бас жаңалықтар
Ұшақ бортында темекі шеккен алматылыққа айыппұл салды
15 Қаңтар 2021, 22:57 202

Ұшақ бортында темекі шеккен алматылыққа айыппұл салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне «AirAstana» АҚ өкілінен «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейсінің бортында құқық бұзушының бар екендігі туралы хабарлама түсті.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Абзал Жуматаев мәлімдеді.

Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақ бортында электронды темекі шеккен 23 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Құқық бұзушы аталған әуе кемесі командирінің актісі бойынша рейстен түсірілді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2 бөлігімен, яғни, әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК  мөлшерінде айыппұл салынды, - деді полиция полковнигі.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 441 бабының 1-2 бөлігіне сәйкес әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтынғаны үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК (145 850 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...