Ұшақ апатынан кейін Алматыда рейстер кешіктірілуде

13 Наурыз 2021, 19:14
1955
Бөлісу:
Ұшақ апатынан кейін Алматыда рейстер кешіктірілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып шыққан АН-26 ұшағы апатынан кейін Алматы әуежайындағы рейстер кешіктіріліп жатыр.

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, кестеге сәйкес, Алматыдан Ақтау, Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Оралға ұшатын рейстер кешіктіріліп жатыр.

Болған жайтқа байланысты рейстер кешіктіріліп жатыр. Жолаушыларға әуекомпаниялардан рейстері туралы ақпаратты алдын ала нақтылау ұсынылады, - делінген әуежай таратқан ақпаратта. 

Еске салсақ, бүгін сағат 17.20 шамасында Алматы әуежайына бет алған Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша келе жатқан әскери АН-26 әуе кемесі апатқа ұшырады. Бортта 6 адам болған. Өкінішке қарай 4 адам оқиға орнында опат болған. Екеуі жансақтау бөлімшесінде жатыр.


Өзгелердің жаңалығы