Үш қызды қорлаған өгей шешеге қатысты сот басталды

14 Маусым 2019, 13:23
3091
Бөлісу:
Үш қызды қорлаған өгей шешеге қатысты сот басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісайда үш қызды 2 жыл бойы аямай қинап келген өгей шешеге қатысты сот басталды, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Түркістанда басталған процесс жабық түрде өтуде. Айы-күні жақындап, босанғалы отырған Жұлдыз Көбееваға қатысты 2 бап бойынша іс қозғалған. 

Аталмыш баптарға сәйкес ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармағы "қинау, ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату", сосын ҚР кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен қаралып жатыр. Екіншісі, 140 деген ол "ата-аналық борышын дұрыс атқармау" туралы", - деді судья Қанатбек Қоңырбаев.   

Жетісайлық 28 жастағы келіншектің кәмелетке толмаған 3 қызды аса қатыгездікпен қинап келгені биыл сәуір айында әшкере болған. 

Ол күйеуінің бірінші некеден қалған 3 қызын екі жылға жуық тырнақ астына ине тығып, мұздатқышқа қамап, тіпті ыстық суға отырғызып қинап келген.

Қыздарды қалай және қай уақытта қинайтынын жазып отыру үшін тіпті арнайы дәптер арнапты. 

Қыздардың бірі шыдай алмай мұғалімге айтқан соң ғана өгей шеше қамауға алынып, оның 2-ге толмаған ұлы бөбектер үйіне өткізілген. 

Ал денесінде сау жері жоқ үш өгей қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жөнелтілді. 

Келесі сот отырысы 17 маусымда болады деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы