Үш қаланың әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты

6 Қаңтар 2022, 14:23
912
Бөлісу:
Үш қаланың әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің Алматы, Ақтөбе және Ақтау қаласында әуежай уақытша жұмыс істемей тұр.

Алматы қаласының әуежайы уақытша жұмыс істемей тұр. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді. Сонымен қатар Scat әуе компаниясы Ақтау мен Ақтөбе қаласы әуежайының жұмысы да тоқтатылғанын растап отыр. 

Бүгін бұл қалаларға қатынайтын әуе рейстері тоқтатылды. Билеттерді сатып алған жерден қайта өткізуге болады. Жолаушылар үшін үздіксіз жедел желі іске қосылды. 87252 99-88 -80 нөміріне хабарласып әуе рейстері бойынша ақпаратты алуға болады.

Аталған телеарнаның хабарлауынша, елорданың әуежайы толық штатта жұмыс істеп тұр.

Өзгелердің жаңалығы