Бас жаңалықтар
Үш компания қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқару үшін БЖЗҚ-мен шарт жасады
25 Ақпан 2021, 15:32 845

Үш компания қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқару үшін БЖЗҚ-мен шарт жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасының бастығы Александр Камчатный зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке компаниялардың басқаруына беру құқығы туралы айтып берді.

Айта кетейік, 2 қаңтарда Мемлекет басшысы Экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.

Оны орындау аясында БЖЗҚ салымшыларына өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке компаниялардың басқаруына беру құқығы ұсынылды. Осы бастаманы іске асыру үшін Агенттік барлық қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірледі.

Осы жылдың ақпанынан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру мәселелерін регламенттейтін 10 қаулыны қабылдады. Қазіргі кезде зейнетақы активтерін беру бойынша барлық негізгі нормативтік-құқықтық актілер күшіне енді, - деп атап өтті ол.

16 ақпанда агенттік сайтында зейнетақы активтерін басқара алатын басқарушы компаниялардың тізімін жарияланды. 

Басқарушы компанияларды бұл тізімге енгізу басқарушы компаниялардың зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтерді көрсететінін білдірмейді. Шешімді компанияның өзі және оның акционерлері қабылдауға тиіс. 25 ақпандағы жағдай бойынша агенттік рұқсат еткен 6 компанияның үшеуі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын басқаруға шартқа қол қойды. Олар «Jysan Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «BCC Invest» АҚ, - деп түсіндірді Александр Камчатный.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін  осы компаниялардың басқаруына беру үшін салымшы БЖЗҚ-қа тиісті өтініш беруі қажет. Өтінішті салымшы БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ бөлімшелерінің біріне барып беруіне болады.

Салымшылар зейнетақы жинақтарын бір басқарушы компаниядан екіншісіне жылына бір реттен жиі емес беруіне болады, ал оларды Ұлттық Банктің басқаруына қайтаруына екі жылдан кейін болады.

БЖЗҚ, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі шарт тарабы ретінде,  басқарушылармен қарым-қатынастарда салымшылардың мүдделерін білдіретін болады. Инвестициялау стратегиясын басқарушы компанияның өзі айқындайтын болады, оған ҚР-ның және шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, қазақстандық, сондай-ақ шетелдік ұйымдар шығарған үлестік және борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздар, сондай-ақ ҚР-ның екінші деңгейдегі банктеріндегі және бейрезидент-банктердегі салымдар кіретін болады, - деп айтты ол брифингте.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтары бар 829 368 адам зейнетақы жинақтарының бір бөлігін БЖЗҚ-ға жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беру құқығын пайдалана алады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...