Үш айда отандық әуе компаниялары 2 млн жолаушы тасымалдады

4 Мамыр 2022, 13:39
1970
Бөлісу:
Үш айда отандық әуе компаниялары 2 млн жолаушы тасымалдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тасымалдаған жолаушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 5%–ға артты. 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,9 млн жолаушыны құраған болатын. 

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, көрсеткіштің пандемиялық 2020 жылға дейінгі өсуі байқалады. Өсім 17% құрады. 

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда отандық әуе компаниялары ішкі желілерде 1,5 млн жолаушы (2021 – 1,7 млн жолаушы, 2020 – 1,1 млн жолаушы), халықаралық желілерде – 500 мың жолаушы (2021 – 400 мың жолаушы, 2020 – 400 мың жолаушы) тасымалдады.

Жолаушылар ағыны Air Astana компаниясында 800 мыңға жуық жолаушыны; FlyArystan мен SCAT компанияларында 500 мыңға жуық жолаушыны құрады. 

Ағымдағы жылдың үш айында әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 3,7 млн. жолаушыны құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2%–ға артық (2021 жылы – 3,6 млн жолаушы, 2020 жылы - 3,3 млн жолаушы).

Бүгінгі күні ішкі әуе рейстерін 5 отандық әуе компаниясы аптасына 613 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша орындайды.

Халықаралық ұшулар 77 бағыт бойынша 24 елге орындалады, жиілігі - аптасына 319 рейс. Бұл - Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Үндістан, Иран елдері, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы