US Open. Елена Рыбакина үшінші айналымға шықты

3 Қыркүйек 2021, 11:40
1052
Бөлісу:
US Open. Елена Рыбакина үшінші айналымға шықты

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы «Үлкен дулыға» додасының 19-ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 62-орында тұрған франциялық Каролнн Гарсиямен кортқа шықты. 

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:4 есебімен қиналмай ұтты.

Рыбакина бәсеке барысында 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. 

Брейкке қол жеткізбеген К.Гарсия 1 ғана эйспен шектелді. Қазақстандық спортшының келесі қарсыласы 2018 жылғы Ролан Гаррос, 2019 жылғы Уимблдон турнирлерінің чемпионы, қазіргі кезде рейтингте 13-орында тұрған румыниялық Симона Халеп.

Өзгелердің жаңалығы