ҰҚШҰ өз тиімділігін көрсетті - Станислав Зась

13 Қаңтар 2022, 14:11
1772
Бөлісу:
ҰҚШҰ өз тиімділігін көрсетті - Станислав Зась
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ұйым құрамындағы елдер кез келген жағдайда ортақ қауіпсіздік үшін иық тіресіп сапқа тұра алатынын көрсетті. Бұл туралы аталған ұйымның Бас хатшысы Станислав Зась Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлерін шығарып салу кезінде айтты.

ҰҚШҰ өз тиімділігін көрсетті - Станислав Зась

Станислав Зась Қазақстандағы бітімгерлік күштерінің қызметі біртіндеп аяқталып жатқанын мәлімдеді.

ҰҚШҰ өз тиімділігін көрсетті - Станислав Зась

Бітімгерлер алдарына қойған міндетті адал атқарды. Бұл күндері бауырлас елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен стратегиялық нысандарды күзету, тұрақтылық, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету міндеті қойылды. ҰҚШҰ күштері алғаш рет Қазақстанда бейбіт бітімгерлік миссиясын атқарды. Ұйым құрамындағы елдер кез келген жағдайда ортақ қауіпсіздік үшін иық тіресіп сапқа тұра алатынын көрсетті. Осылайша ҰШҚҰ күштері өзінің тиімділігін көрсете білді,-деді ол.

ҰҚШҰ өз тиімділігін көрсетті - Станислав Зась

Сонымен қатар ол бітімгерлер мен полицияның тиімді үйлестірген жұмыстары нәтижесінде елде тұрақтылық орнағанын, мемлекет қалыпты өміріне орала бастағанын жеткізді.

ҰҚШҰ өз тиімділігін көрсетті - Станислав Зась

Операция барысында біз ҰҚШҰ-ға мүше елдер деструктивті күштерге қарсы біріге отырып іс-әрекет ету бойынша мол тәжірибе жинадық. Бұл тұста Ресейдің әуе күштерінің жұмысын ерекше атап өту керек. Олар 2 мыңнан астам бітімгер  мен жүзден астам техниканы жедел жеткізе білді. 108 әуе рейсі жасалды. Бұл күндері Қазақстанға тек әскери емес, ҰҚШҰ тарапынан моральдық та қолдау қажет болды. Ұжымдық күштерді шақыру жөніндегі шешім қабылданысымен бір сағат ішінде бітімгерлер келе бастады. Сондықтан бұл ұйым жедел іс-әрекет жасай алатын әрі тиімді екенін көрсетті. Әр одақтасымыз міндетін атқару бойынша өз үлесін қосты,-деді ол.

ҰҚШҰ өз тиімділігін көрсетті - Станислав Зась

Айта кетсек, бүлік кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ҰҚШҰ-дың 2500 бітімгері кірген. Олардың алғашқы легі бүгін елдеріге қайтады, қалған бөлігі он күн ішінде біртіндеп шығарылады.

ҰҚШҰ өз тиімділігін көрсетті - Станислав Зась
ҰҚШҰ өз тиімділігін көрсетті - Станислав Зась
Өзгелердің жаңалығы