ҰҚШҰ-дан көмек сұрау шешімі қауіпсіздік үшін қабылданды – депутат

6 Қаңтар 2022, 13:40
911
Бөлісу:
ҰҚШҰ-дан көмек сұрау шешімі қауіпсіздік үшін қабылданды – депутат
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚШҰ-дағы серіктестерінен көмек сұрауына қатысты пікір білдірді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел мен қазақстандықтарды Алматы мен ел өңірлеріндегі террористік топтардың әрекетінің қаупінен   қорғау үшін барлығын жасап жатыр. Жаппай тәртіпсіздік, қирату және құқық қорғау органдарына қарсы шығуды тоқтату нақты шешімдерді қажет етеді. Елімізде терроризмге қарсы күрес жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ҰҚШҰ-дағы әріптестерінен көмек сұрау шешімі ең алдымен азаматтар мен елдің қауіпсіздігі үшін қабылданды,  - деді Мұхтар Ерман. 

Депутат айтқандай, қазір сабырлық сақтап, азаматтық жауапкершілікті сезіну маңызды. 

Өзгелердің жаңалығы