ҰҚШҰ бітімгерлік әскері Қазақстанға қандай көмек көрсетті?

14 Қаңтар 2022, 09:32
4477
Бөлісу:
ҰҚШҰ бітімгерлік әскері Қазақстанға қандай көмек көрсетті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде болған тәртіпсіздікті қалпына келтіру мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына осы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұраған болатын.

Енді ҰҚШҰ әскері елімізге қандай көмек көрсетті? Бұл ұйымның атқаратын міндеттері туралы не білеміз? Шолып көрейік.

ҰҚШҰ әскери күші Қазақстанға қашан келді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қаңтарда өткізген Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында елге ҰҚШҰ басшыларынан көмек көрсетуді сұрағанын мәлімдеген болатын.

ҰҚШҰ бітімгерлік әскері Қазақстанға қандай көмек көрсетті?

Президент отырыста былай деді:

Қауіпсіздік алқасы жөніндегі Шартқа сүйене отырып, мен ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына осы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұрадым. Шын мәнінде, бұл – қауіп қана емеc, бұл – мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру, азаматтарымызға шабуыл жасау.  Олар менен, Мемлекет басшысы ретінде тез арада өздерін қорғауды сұрайды.  Азаматтарымыздың игілігін, қауіпсіздігі мен тыныштығын ойлау – менің Конституциялық міндетім. Сондықтан ҰҚШҰ-дағы әріптестеріме білдірілген өтініш – уақытылы әрі толығымен дұрыс қабылданған шешім. Қазақстан халқы бұл шешімді қолдайтынына сенімдімін, - деп айтты Тоқаев.

ҰҚШҰ бітімгерлік әскері Қазақстанға қандай көмек көрсетті?

Президент 7 қаңтарда өткізген лаңкестікке қарсы штабтың отырысында құрылымдық күштер басшыларының хабарлауынша, жалпы тәртіпті реттеуге атсалысу үшін Қазақстанға ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік әскери күштері келе бастағанын айтты. Олар стратегиялық нысандардың қорғалуын қамтамасыз ету үшін белгілі бір шектеулі мерзімге ғана келді.

ҰҚШҰ сарбаздары ұрыс қимылдарына қатысқан жоқ

Осы күні Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев халық арасындағы ҰҚШҰ-ға қатысты мәселенің нүктесін қойды. Ол ҰҚШҰ-ның қандай міндет атқаратынын түсіндірді.

ҰҚШҰ-ға қатысты сұрақ көп. Мынаны атап өткім келеді: ҰҚШҰ елдердің бітімгершілік контингенті енгізілді. Миссия бітімгершілік болып есептеледі. ҰҚШҰ сарбаздары ұрыс қимылдарына қатыспайды, содырларды жоюмен айналыспайды. Бітімгершілік миссиясын жедел әрекет етудің ұжымдық күштерін орналастырумен шатастырмау керек, - деп айтты Абаев

Айта кетейік, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтқандай, ҰШҚҰ бас хатшысы Станислав Засьтің мәліметіне сәйкес әскер саны 2 500 адамды құрайды. 

7 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде ҰҚШҰ мүшелеріне көрсеткен көмектері үшін алғыс айтты.

ҰҚШҰ-ның жарғылық құжаттарының негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан конституциялық тәртіпті ретке келтіруге көмек беру үшін Ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларынан біріккен бітімгерлік күштерін енгізуді сұрады.

Бітімгерлік күштер еліміздегі стратегиялық нысандардың қорғалуын және қызметін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімге келді. ҰҚШҰ-ға төрағалық етіп отырған Арменияның Премьер-министріне, сондай-ақ Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан президенттеріне шынайы алғыс айтамын. Ресей Президенті Владимир Путинге ерекше ризашылық білдіремін. Ол менің үндеуіме  жедел, ең бастысы, жолдастық ниетпен үн қатты. Сонымен қатар Қытай Төрағасына, Өзбекстан, Түркия президенттеріне, БҰҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың басшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын, - деді Тоқаев.

ҰҚШҰ бітімгерлік әскері Қазақстанға қандай көмек көрсетті?

Тоқаев Путинмен телефон арқылы байланысты

Қазақстан Президенті еліміздегі конституциялық тәртіп пен заңдылықты қайта қалпына келтіруге көмектесу мақсатымен ҰҚШҰ біріккен бітімгерлік күштерін жіберу туралы мәселені шешуге қолдау көрсеткені үшін Ресей басшысына ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге еліміздегі ахуалдың тұрақталып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар лаңкестік шабуылдардың ошағы әлі де сақталып отыр. Сондықтан терроризмге қарсы күрес тегеурінді түрде жалғаса беретінін айтты.

Мемлекет басшысы жақын күндері ҰҚШҰ саммитін онлайн форматта өткізуді ұсынды. Кездесу мерзімі дипломатиялық каналдар арқылы келісіледі.

ҰҚШҰ-ға стратегиялық нысанды күзету тапсырылды

9 қаңтарда Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді.

Мемлекет басшысына құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштердің еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіруіне қатысты қабылданған шаралар мен өңірлердегі төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндалды. Блок бекеттер орнатылып, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің біріккен бітімгерлік күштеріне бірқатар стратегиялық нысанды күзету тапсырылды. Күштік құрылымдар елді мекендерде «тазалау» жұмыстарын жалғастырып жатыр. Лаңкестердің орналасқан жерін анықтау, ұстау, оларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді жинау және тиісті сараптама жасау жөнінде шұғыл шаралар атқарылуда, - делінген болатын Ақорда хабарламасында.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Қазақстанның үндеуін бірауыздан қолдады

10 қаңтарда Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты.

Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы –  Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.

ҰҚШҰ бітімгерлік әскері Қазақстанға қандай көмек көрсетті?

Қазақстан Президенті сессия қатысушыларына елімізде қалыптасқан ахуал мен оны тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы ҰҚШҰ бойынша әріптестеріне көрсеткен көмектері үшін ризашылығын білдірді.

Шынына келгенде, бұл ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуеті мүше мемлекеттердің бірінің қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тұтастығын қамтамасыз ету үшін бірінші рет іске қосылды. Біз үшін тек әскерилер ғана емес, ең алдымен ҰҚШҰ серіктестерінің моральдық қолдауы маңызды. Ұйымға мүше мемлекеттердің барлығы бірге әрекет етіп, Қазақстанның үндеуін бірауыздан қолдады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Ұйымның бұдан пайдалы әрі жақсы тәжірибе алатынын, осал тұстар талданып, тиісті шешім шығарылатынын, реттеуші құжатқа түзетулер енгізілетінін атап өтті.

ҰҚШҰ беделді әскери-саяси ұйым ретінде өзінің қажетті әрі тиімді екенін көрсетті. Бұл мемлекеттеріміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нақты механизм, – деді Мемлекет басшысы.  

Тоқаев Станислав Засьті қабылдады

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысына көңілі толатынын айтып, ҰҚШҰ бойынша одақтастарына террористік акті кезінде қолдағаны және Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

ҰҚШҰ бітімгерлік әскері Қазақстанға қандай көмек көрсетті?

Аталған жағдай ұйымның әскери-саяси құрылым ретіндегі маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазір Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы туралы халықаралық қоғамдастықта әңгіме болып жатыр деп ойлаймын. Ұйымның тиімділігі қазіргі жағдайда мейлінше айқын көрінді. Сондықтан келешекте ҰҚШҰ өзін пайдалы құрылым ретінде танытады деп пайымдаймын. Хатшылық өзге халықаралық ұйымдардың басшылығымен арадағы ықпалдастықты жолға қоюы керек деп ойлаймын. Бұл өте пайдалы болады.  ҰҚШҰ Бас хатшысының Бітімгерлік операциялар жөніндегі арнаулы өкілінің институтын құру да өте дұрыс болады деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

ҰҚШҰ бітімгерлік әскері Қазақстанға қандай көмек көрсетті?

 

ҰҚШҰ бітімгерлері елден шығарыла бастады

13 қаңтарда Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер Ұжымдық бітімгершілік күштерінің әскери қызметшілерін шығарып салды.

Іс-шараға ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Станислав Зась, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері Қазақстан Республикасында мемлекеттік, әскери және әлеуметтік маңызы бар нысандарды күзету жөніндегі міндеттерді орындады.

ҰҚШҰ бітімгерлік әскері Қазақстанға қандай көмек көрсетті?

Достық және әскери ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, конституциялық тәртіпті қалпына келтіру бойынша бауырластық көмек ретінде Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы,  Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы ел аумағына өздерінің саны 2 030 адам мен 250 бірлік техниканы құрайтын әскери контигенттерін жіберді.

ҰҚШҰ Біріккен бітімгершілік контингентін елден кезең-кезеңімен шығару Қазақстан Президенті белгілеген мерзімге сәйкес биыл 13 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

Бұған дейін ұйымның Бас хатшысы Станислав Зась 10 күн ішінде ұйым контингенті Қазақстаннан түгелдей кететінін мәлім еткен. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы