ҰҚШҰ бас хатшысы елордаға келеді 

10 Қаңтар 2022, 14:37
1266
Бөлісу:
ҰҚШҰ бас хатшысы елордаға келеді 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында айтты. 

Қазір біз отырған ҰҚШҰ-ның дағдарыстық әсер ету орталығында ҰҚШҰ қорғаныс министрлері мен бітімгершілік күштер бойынша ақпарат алмасу тәулік бойы жүзеге асырылып отыр. ҰҚШҰ бітімгершілік күшін үйлестіру үшін Қазақстанға алмасу штабының басшысымен бірге жедел топ бағытталды. Оқиғаны орыннан бағамдау үшін Қазақстан Президенті мен ҰҚШҰ басшысымен кеңесе отыра, ертең елордаға келемін, - деді Станислав Зась. 

Ол атағандай, бүгінгі таңда барлық шешімдер жүзеге асырылды. 

Кеше ҰҚШҰ бас қолбасшымен сөйлестім. Оның баяндамасы бойынша Мемлекет басшылары деңгейінде шешілетін проблемалар жоқ, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы