ҰҚК төрағасының орынбасарлары тағайындалды
10 Қаңтар, 07:59 1143

ҰҚК төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімдерімен ҰҚК төрағасының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімдерімен Марат Сапарұлы Өсіпов мен Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...