ҰҚК: Шекарада құны 26 млн теңгеге жуық тауар тәркіленді

4 Мамыр 2019, 12:29
2510
Бөлісу:
ҰҚК: Шекарада құны 26 млн теңгеге жуық тауар тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл тауарлардың тәркіленуінің басты себебі – рұқсат қағаздарының және электрондық шот-фактураларының болмауы, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

«Өткен тәулікте ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Батыс» өңірлік басқармасына қарасты Орал және Ақтөбе шекара отрядтарының бөлімшелері («Сырым авто», «Ақсай авто», «Жайсаң авто», «Қарашатау авто») орналасуы бойынша аудандық (Орал облысының Бәйтерек, Бүрлі және Ақтөбе облыстық) Мемлекеттік кіріс департаменттеріне Мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізбек болған 25 820 000 теңгенің тауарларын өткізді», - делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ, Оңтүстік шекарадағы Қордай отрядының «Қарасу-авто», «Сартөбе» бөлімшелерінде шекарашылар Қырғыз Республикасына жиынтық көлемі 1248 литр «АИ-92» бензинін рұқсат қағаздарынсыз, әртүрлі жолмен алып өтпек болған үш қырғыз азаматын ұстады. Олардан алынған жанар-жағармай тәркіленіп, Қордай аудандық Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы