ҰҚК қаза болған шекарашылармен қоштасты
12 Қаңтар, 21:40 374

ҰҚК қаза болған шекарашылармен қоштасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында капитан Е.Карменовты соңғы сапарға шығарып салды. Қатардағы жауынгер Ш.Армидиновты Алматы облысының Үлкен Дехан ауылында жерледі. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Қаза тапқандармен қоштасу рәсіміне ҰҚК Шекара қызметінің ШҚО және Алматы облысы бойынша департаменттерінің басшылары, шекарашы-ардагерлер, әріптестері мен жақындары қатысты. Қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің учаскесінде тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ҰҚК Департаменті ғимаратына шабуыл жасағандарды іздестіру бойынша жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасының әскери қызметшілері капитан Ерзат Кинаятолданович Карменов пен келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Шавкат Шатликович Армидинов автокөлік апатынан қаза тапқан еді.


Фото: дереккөз
Загрузка...