Бас жаңалықтар
Үнзила Шапақ: Халық Конституциялық құқығын толық пайдалануды үйренуі керек
Сұхбат VIDEO
30 Тамыз 2021, 20:42 673

Үнзила Шапақ: Халық Конституциялық құқығын толық пайдалануды үйренуі керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Заңгер, Заң ғылымдарының докторы, ҚР Конституциялық кеңестің мүшесі Үнзила Шапақ ҚР Конституция күні қарсаңында BAQ.KZ ақпарат агенттігіне сұқбат берген болатын.

Заңгер бүгінгі таңда халықтың Конституциялық құқығын толық пайдалана алмай отырғанын, ол үшін әсіресе АҚШ-тағыдай кез келген адам, кез келген азамат Ата заңды бес саусағындай меңгеруі керектігін айтады.

Сонымен қатар, еліміз Конституциясына тілдік редакция қажеттігін атап өтті.

1995 жылы тұңғыш рет Францияның қазіргі қолданыстағы Конституциясына негізделе отырып, қазақы болмысымызды, ұлттық ерекшелігімізді ұстанып дайындалған Ата заңымызға биыл 26 жыл болды. Әрине 1995 жыл мен 2021 жылдағы қоғамдық, тілдік, әлеуметтік ахуалды салғастыруға келмейтіні белгілі. Оның сыртында, Ата заң мәтіні әу баста орыс тілінде дайындалып, одан кейін мемлекеттік тілге аударылды. Осы аударма барысында да біраз олқылықтар кеткенін айтуға болады – дейді заңгер.

Сұқбат барысында Үнзила Шапақ заңгер ретінде қазіргі қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан кибербуллинг туралы заң қабылдануы керек деген ұсыныстарға да жауап берді. Сұқбатты толығырақ төмендегі видеодан тамашалай аласыздар.


Фото: BAQ.KZ
Видео: Мақсат РЫСБЕКОВ
Загрузка...