Астанада дүниежүзілік саммит өтеді

9 Қаңтар 2019, 15:53
3730
Бөлісу:
Астанада дүниежүзілік саммит өтеді

Астана, baq.kz. Туризм саласындағы осындай ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет өткізілгелі отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Елорда билігі Астананың іскерлік туризм және инновациялар орталығы ретіндегі мәртебесін нығайту бағытындағы шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Қала активімен кездесу барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов биыл елордада қалалық туризм бойынша Дүниежүзілік UNWTO саммиті өтетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, сегізінші мәрте өткізілгелі отырған саммит Орталық Азияда тұңғыш рет ұйымдастырылмақ.

Жиын Қазақстанның бас қаласында өтетіні Оңтүстік Кореяның астанасында ұйымдастырылған 7-ші жаһандық UNWTO саммиті кезінде белгілі болды.

Сонымен қатар, Routes Silk Road авиамаршруттар форумы, Comic Con костюмдер фестивалін өткізумен қатар, Женева қаласында орналасқан Халықаралық Seedstars бизнес-акселераторымен бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағында қалалық инновациялық алаңды ашу көзделіп отыр. Бұл ТМД-да Seedstars басқаратын алғашқы коворкинг-орталық болады, оның желісіне 70 мыңнан астам стартапшы, кәсіпкерлер мен инвесторлар енеді.
Өзгелердің жаңалығы